25
январь
2023
🔰 Бала тәрбиесі – ортақ мүдде!!!
✅Меркі ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үштік одақ:ұстаз , ата-ана, оқушы» арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу, сынып пен мұғалім, педагог пен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты нығайту, отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу мақсатында «Бала тәрбиесі – ортақ мүдде» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті. Форумдағы көрмеде мектеп-гимназиямыздың "Валихановтар" отбасының және "Сатыбалдиевтер" отбасының портреттері қойылды, сондай-ақ, мектеп-гимназиямыздың
"Берекелі шаңырақ" қоғамдық кеңесінің төрайымы -Әсем Әділбайқызы, "Аналар" кеңесінің төрайымы - Гулчехра Исмаилқызы, "Балалар жылы" аясында облыста өткізілген ауқымды іс-шараларда белсенділік танытып, балалар мен шығармашылыққа баулу бағытындағы елеулі үлесі үшін Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың "Алғыс хатымен" марапаттады.Марапатты Меркі аудандық білім бөлімінің басшысы -Айгерім Аханқызы табыстады.