15
май
2022
"Мектеп пен отбасы"
Әр ата-ананың бала тәрбиелеудегі мүмкіншілігін, қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында «Мектеп пен отбасының нәтижелі ынтымақтастығы – бала болашағының кепілі» тақырыбында облыстық ата-аналарға арналған семинар-кеңес өтті.
Мектеп-гимназиямыздын білім алушылары "Отбасы, аға, ата, әже, әке" тақырыптарында мәнерлеп өлең оқыса, "Берекелі шаңырақ" төрайымы Әсем Әділбайқызы келінімен "Балалық шақ", Айару" квартеті"Анамның ақ жаулығы" әндерін орындап, мың бұралған бишілер би биледі.Сондай-ақ, семинар-кеңеске қатысушы ата-аналар қызығушылықпен белсенділік танытты. Ата-аналар баламен тиімді қарым-қатынас жасау әрекеттерімен бөлісіп, тәрбие әдістерін игеруге, баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге байланысты тәжірибелерімен бөлісті.
"Тәрбие отбасынан басталады" көрінісінен туған анасын "Қарттар" үйіне өткізген жас отбасындағы баласы мен келінінің өкінішін, "Қара пима" көрінісінен отбасындағы маскүнемдіктің зардабын, "Ажыраспаңдар!" мюзиклінен берекелі шаңырақтың бұзылуы, ортадағы баланың тірі жетімдігі, "Ұялы телефон тәлкегі" видеокөрінісінен қазіргі кездегі айықпас дертті көріп, "Берекелі шаңырақтың берекесі мен шаттығына кімдер жауапты?" , "Бала тәрбиесіне кімдер жауапты?т.б. сұрақтар төңірегінде ой- пікірлер білдірді.
Теги:
123