07
декабрь
2023
«Қыздар білуге тиіс...»
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында қазақтың дәстүрлі отбасындағы тәрбиеге ықпалды жеңгелер мектебінің жұмысын келіндердің педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы қыз баланың тәрбиелеудің этнопедагогикалық мүмкіндіктерін пайдалану, жеңгенің отбасында қыз баланың қамқоры екендігін түсіндіру, жеңгенің қазақтың салт-дәстүрін сақтаудағы рөлін, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтаушы ретінде рөлін ашу арқылы қыз балаларды болашақ өмірге даярлауда тәрбие берудегі үлгісін нақты мысалдармен ашу мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Қыздар білуге тиіс...» тақырыбында интерактивті семинар-тренинг өткізілді. Мектеп-гимназия директоры Мадина Болатқызы отбасындағы келіннің рөлі өзінің келген ортасын сыйлау, құрметтеу арқылы үй-ішінің тірліктерін атқаруды меңгерумен басталып, отбасылық қарым-қатынастың реттелуі келіннің іс-әрекетінен көрініс табатындығы, басты мақсат: келген жерінде орнын табу, сыйлай білу, сыйымды болу арқылы өз тамырын жайып, өсіп-өну екендігіне тоқталып өтті. Қыз бала үшін жеңге – таптырмайтын жанашыр. Өз тәжірибесінен көргені мен түйгенін айта отырып іс-шара барысында қайын сіңілілерімен тоқыма тоқып, қамыр илеу, құрт жаю, жент қозғау, жемістерді сәндеу, кеспе кесу, тәтті бәліштерді қалай әзірлеуге болатынын бірге үйретіп, көрсетті. Іс-шараға Меркі аудандық салауатты өмір салтын қолдау бөлімінің дәрігері, Меркі «Жастар» ресурстық орталығының бизнес-тренер, психологтары, «Әжелер» кеңесінің төрайымы және аналар сарапшы ретінде әр бөлімді қорытындылап отырды. «Ақылды туған қыз бала, батыр туған ұлмен тең»сынды мақал-мәтелдер мағынасын ашу, «Сәлем салу» «Қыз баланы болашақ өмірге даярлау мәселесі маңызды ма?» сұрақтарына жауап беріп, бейнеролик бойынша топтық жұмыс жүргізіліп, жеңгелеріміз өз ойларымен бөлісті. Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиелік іс-шара соңында «Қоржынға не алдым?» кері байланысы жүргізілді. Жеңгелерге риза болған Ақбөпе Сарсенқызы батасын берді. Жеңгелермен өмір нұрлы, отбасы жылылыққа толы, кез келген қыз бала – болашақ отбасының ұйытқысы, тәрбиеге жетекші екенін ұмытпайық!
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi