04
декабрь
2023
"Қамқор әке - бақытты бала"
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында әкенің отбасындағы орны, ер баланың тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру мақсатында Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясында "Қамқор әке - бақытты бала"семинар өткізілді
Ең алдымен, "Ата кәсіп - берекенің бастауы" атты әкенің ұл баламен бос уақытын дұрыс өткізу бойынша отбасылық дәстүрді насихаттап, тоғызқұмалақ ойыны, қол еңбегі – қолөнер, сандық жасау, балғамен шеге қағу, робот құрастыру, шахмат ойынын тамашалаған әкелер және келген қонақтар
әке мен баланың үйлесімді жұмыстарына сүйсінді.
Тағылымы мол іс-шара қазақ биі биленіп, мектеп-гимназия директоры Мадина Болатқызының сөзімен ашылды. " Әке қадірі" көрінісімен жалғасып Меркі аудандық шекара басқармасы, төтенше жағдайлар бөлімі, әскери бөлім, Ауған соғысы ардагерлері, "Желтоқсан ақиқаты" орталығының мүшесі,, спорт кешені, "Жастар" ресурстық орталығы, Сарымолдаев ауылдық округы басшылары мен қызметкерлері әкенің қоғамдағы рөлін, мерейін арттыру, отбасы құндылығын дәріптеу, патриоттыққа тәрбиелеу, ер баланың тәрбиесі туралы пікірлерімен бөлісті. Оразбекұлы Даниэль, Бегсапар Ербол 6-7 сынып білім алушылары әкелері туралы монолог оқып, "Мың алғыс, әке!" вокалды топ әнін орындап шараға қатысушылардың жүректерін тебірентті.
Содан соң отбасы мен қызметінде өзгелерге үлгі болып, бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарайтын қамқор әкелермен тренинг, бейнероликті талдау, статистикалық сауалнама алу, топтық жұмыстар жүргізілді."Екі жұлдыз, бір тілек" бөлімінде әкелер бала тәрбиесінде әкенің рөлінің ауқымды екендігін растап, өз пікірлерін жеткізді. "Іс-шара соңында "Менің әкем ең жақсы адам" караоке әнін бірге шырқап естелікке фотоға түсті
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi