«Кәсіби бағдар болашаққа жол!» тақырыбында Меркі №9 колледжінің кәсіптік сала мамандары 9 сынып оқушыларымен кездесті.
2024 жылдың 12 наурыз күні А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес «Кәсіби бағдар болашаққа жол!» тақырыбында Меркі №9 колледжінің кәсіптік сала мамандары 9 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесуге кәсіби бағдар беруші педагог А.Коканбаева, 9 «А», «Б» білім алушылары қатысты. Кездесудің мақсаты: мамандыққа баулу, болашақта мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету.
Меркі №9 колледжінің есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығының өндірістік оқыту маманы Қиялбекова Нуржанат Нуркелдиевна, тоқарлық іс мамандығының өндірістік оқыту маманы Абдельдинов Самат Ержанович оқушыларды колледждің мамандық түрлерімен таныстырды.
06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер түрлері бойынша
07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру
10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
07150500 «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша)
07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)
06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) осындай мамандық түрлері бізде бар. Оқуға құжат қабылдау тамыз айынан басталады. Сонымен қатар колледж грандқа түскен білімгерлерге 31 мың үстемақы төлейтінін, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінгідін айтып өтті, көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған. Білім алушылар ойындағы сұрақтарын қойып, оған нақты жауап алды.