«Мамандық таңдау басты - бағдарымыз» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 24 сәуір күні 10 «А», «Б» сынып білім алушыларымен «Мамандық таңдау басты - бағдарымыз» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың мамандық таңдауытуралы ойларын кеңейту, нығайту.Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру.Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай рухта тәрбиелеу.Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру. Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай алуын дамыту. Бүгінгі экскурсия кітапханашы мамандығының жұмысымен таныстыру болды. Меркі аудандық балалар кітапханасына барып, кітапханашылардың бір күндік жұмыс күнімен танысып қайттық. Әр бір мамандықтың қызығы мен қиыншылығы болатынын білдік. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып, еңбектің рахатын көріп, атақ-абыройға кенеледі. Сан түрлі мамандық бар, бірақ кітапханашы мамандығы өзінің қызықты да тартымдылығымен ерекшеленеді. Себебі күн сайын жаңалыққа толы сәттер, кездесулер, басқосулар, жаңа келген газет-журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқырмандар толастамайды. Кітапханашылар қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашыны кітап оқитындар болмаса былайғы жұрт көп біле бермейді.