Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу тексеру қорытындысы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның (бракераждық) тексеру
қорытындысы
2022 жылдың 19 сәуір күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның асхана, ас блогының санитарлық-гигиеналық, жалпы жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізді. Тексеру барысында ас блогының қызметшілерінің киімінің, қолының тазалығына баса назар аударылды. Бет, мойын, қол терісінде жаралар, кесілген жарақаттар, күйіктер анықталмады. Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеріп, ас үйде 10 үстел, 20 орындық, 3 қол жуғыш талапқа сай қойылған, дегенмен: қолдың суын кептіретін 2 кептіргіш құрал істен шыққан, қант, тұз т.б. пластмасса ыдыста тұруға болмайтыны үнемі ескертілетін болғандықтан, ондай олқылықтар орын алған жоқ. Ас үйінде пайдаланатын ыдыстың яғни, 6 бокалдың жарықтары, сынығы бар, шеттері сынғандығы анықталды. Тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы нормаға сай, бөгде, артық зат анықталмады. Өнімдердің (азық-түліктің) сапасына және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуы нормаға сай. Дайын тағамда ас мәзірінде көрсетілген әрбір оқушыға 150-200 г. м мөлшерінде дайын ас: балық езбесі, қайнатылған күіш, , қырыққабат салаты асханадағы арнайы өлшейтін таразы арқылы өлшенді, нормаға сәйкес.
Жуғыш заттар қосып ыстық сумен жуу, ыстық ағынды сумен шаю. Шикі жəне дайын тамақтарға арналған бөлшектегіш құрал-саймандар бір-бірінен жырақта, арнаулы бөлінген орындарда сақталынған. Таза асханалық ыдыстарды шкафтарде немесе торларларда сақталынады. Подностар əрбір қолданылғанынан кейін сүртіліп құрғатылады. Ыдыс-аяқ жууға пайдаланылған щеткалар жұмыс соңында температурасы 45°С ыстық суда жуғыш заттармен жуылып тазаланады, дезинфекцияланады, ағын сумен жуылып шайылады, содан кейін кептіріледі жəне арнайы бөлінген жерде сақталынады. Ас блогының үй-жайын тазалау кестесінің жоқтығы анықталып, ескертілді, сондай-ақ, персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған шкаф, мектептің материалдық базасында персоналға арналған душ бөлмесі қарастырылмағандығы анықталды.
Ұсыныс:
1. Мектеп асханасында пайдаланатын ыдыстың жарықтары, сынығы бар, шеттері сынған 6 бокал ыдыстардың қосалқы жиынтығымен алмастыру ДШІЖО көмекшісі А.Амирхановаға міндеттелсін.
2. Қол жуатын орында істен шыққан 2 кептіргіш жөнделіп, қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған шкаф қарастыруды ДШІЖО Е.Ермекбаевқа міндеттелсін.
3. Ас блогының үй-жайын тазалау кестесін жасау медициналық қызметкер Ж.Атиковаға жүктелсін.