Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу тексеру қорытындысы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның (бракераждық) тексеру қорытындысы
2022 жылдың 17 наурыз күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның асхана, ас блогының санитарлық-гигиеналық, жалпы жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізді. Тексеру барысында ас блогының қызметшілерінің киімінің, қолының тазалығына баса назар аударылды. Бет, мойын, қол терісінде жаралар, кесілген жарақаттар, күйіктер анықталмады. Мектеп медбикесінің Ж.Атикова жүргізетін журналдары, асхана қызметкерлерін қадағалау журналы уақытылы толтырған. Тексеру барысында асхана іші жарық, санитарлық жағдайы ұйымдастырылған және тазалық сақталған. Мектеп асханасына қазіргі заманғы дизайнмен көркемделген «Дұрыс тамақтану» бұрышы жасақталған.Тексеру барысында қол жуғыш құралдарында сабын, гигиеналық заттар түгел болып шықты. Қойма бөлмесінде көкөністер: картоп, сәбіз, пияз - орналасу тәртібі дұрыс жолға қойылып, арнайы жәшіктерге орналастырылған, бөгде заттар анықталмады. Ұн, жарма өнімдері арнайы эмальді ыдыстарға салынып, қақпағы жабылған. Технологиялық құралдары түгел: электроқуатты пеш, жұмыс үстелі жеткілікті. Асханада пышақтар, тақтайшалар толық таңбаланылған; шикі және даяр азық-түліктерге, нан өнімдері мен көкөністерге арналған орындар 1 пайыз уксус ерітіндісімен өңделеді. Шеті сынық ыдыстарды аспазшылар қолданылмайды, ыдыс жуу тәртібі орындалып, ережесі сақталады. Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық.Дегенмен төмендегідей кемшіліктер анықталды:
- Күнделікті мәзірде көрсетілген печенье берілмей, орнына алма берілді, перспективалық мәзірге сай болмады;
- Дайын өнімнің оргоналептикалық қасиеті бойынша журналда дұрыс рәсімделмеген;
- Электр пештің 1 көзі істен шыққан;
- Тоңазытқыштардың температуралық режимін тіркеу журналы анықталмады;
- Жұмыртқа жууға арналған таңбаланған ыдыс болмады
Ұсыныс:
1. Жұмыртқа жууға арналған таңбаланған ыдыс болуы аспазшыға міндеттелсін.
2. Дайын өнімнің оргоналептикалық қасиеті бойынша дұрыс толтыру мектеп медбикесі Ж.Атиковаға жүктелсін.
3.Электр пешті жөндеп, іске қосу жұмыстары ДШІЖО Е.Ермекбаевқа міндеттелсін.
4. Күнделікті мәзірдің перспективалық мәзірге сәйкес келуін күнделікті тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясыг тарапынан қадағалансын.
5. Анықталған кемшіліктерді жоюға 5 жұмыс күнін ұсынылсын.