Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау
2021 жылдың 12-13 сәуір күндері бракераждық комиссия мүшелері ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізілді. Тексеру барысында ас блогының қызметшілерінің киімінің, қолының тазалығына баса назар аударылды. Бет, мойын, қол терісінде жаралар, кесілген жарақаттар, күйіктер анықталмады.
Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеріп, ас үйде 10 үстел, 20 орындық, 4 қол жуғыш талапқа сай қойылған, дегенмен: қолдың суын кептіргіш құрал істен шыққан, сондықтан, қол сүртетін қағаздары болмай шығып, ескертуден кейін қойылды. Тексеру барысында қоймалық бөлмелерде шикі азық-түліктердің сапасын бақылау журналы арналмаған, сонымен қатар қант, тұз т.б. пластмасса ыдыста тұруға болмайтыны үнемі ескертілетін болғандықтан, ондай олқылықтар орын алған жоқ. Асхана қызметшілері шеті сынған, жарылған ыдыстарды оқушылар үшін қолдануға тыйым салынатыны туралы біледі және қолданыста жоқ екені анықталды. Барлық жұмыскерлер қолының тазалығына баса назар аударылды, сақина, сағат т.б. заттар анықталған жоқ. Киімі таза санитарлық киімде жұмыс істеуде. Ас блоктарының жұмыскерлеріне санитарлық киімдерінде түйреуіш, ине т.б.заттар анықталмады, арнаулы киімдердің қалталары бос болды.
Бракераждық комиссия мүшелері:
Мектеп-гимназия директоры М.Бексултанова
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева
Әлеуметтік педагог А.Ойшиева
Кәсіподақ төрайымы Ж. Усербаева
Медбике: Ж.Атикова
Ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшесі А.Мырзаханова
Ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшесі Г.Аскарова