Көкөністерді, сусымалы өнімдерді сақтау ережесін бақылау
2021 жылдың 2 сәуір күні бракераждық комиссия мүшелері мектеп асханасыны көкөністерді, сусымалы өнімдерді сақтау ережесін бақылау мақсатында тексеру жүргізді. Тексеру барысында мектеп асханасында амбарлық зиянкестермен зарарланған жармалар, ұн, кептірілген жемістер және көгерген жəне шіріген белгілері бар көкөністер мен жемістерді анықталмады. Жарамдылық мерзімі өтпеген, тағамдық, сусымалы (шекер, қарақұмық, күріш, үн) өнімдерді өндірушінің ыдысында (тарасында) сақтау қажет немесе талап бойынша керек болған жағдайда тағам түріне қарай белгіленген эмальді ыдыстарда сақталынып, беті целофан және эмальді қақпағымен жабылған. Еденнен 45см жоғары үстел үстінде сақталынған.
Көкөністер (картоп, сәбіз, пияз) өнімдерді сақтау барысында тауарлық көршілестік ережесі, қоймаға жинақтау нормасын, орналасу тәртібі дұрыс жолға қойылып, арнайы жәшіктерге орналастырылған, бөгде заттар анықталмады, жарамдылық мерзімі мен сақтау шарты сақталған.