«Өзіңді күт – әр күніңді бағала!» тренинг
2025 жылдың қараша айының 27 күні білім алушылардың өзін-өзі тану, күнделікті өмірге деген жауапкершілік пен позитивті көзқарасын дамыту, өзін қадірлеуге үйрету; уақытты бағалай білу дағдыларын қалыптастыру; эмоциялық тұрақтылық пен өзін-өзі реттеу қабілетін дамыту мақсатында 10-сынып білім алушылармен «Өзіңді күт – әр күніңді бағала!» тақырыбында тренинг жүргізілді. Іс-шара барысында оқушылар өздерінің ішкі ресурстары туралы ой қозғап, жағымды сөздермен шабыт алды. Өз-өзіне қамқорлық жасаудың маңызы, жайлылық пен тыныштықты сақтау туралы кеңестер берілді, жадынама таратылды. «Өзіңе деген қамқорлық — болашаққа салынған инвестиция» деген ұстаныммен өтті. «Менің күнім» жаттығуы. "Ғажайып көңіл-күй көбелектері" жаттығуы, "Жүрегімнің жылы шуағы" жаттығуы жүргізілді.