27
июнь
2022
Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлік тапсыру салтанаты
Бүгін №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Балалар жылына орай "Түлек 2022- жаңа Қазақстанның ертеңі" атты тақырыпта 9 сынып білім алушыларына негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлік тапсыру салтанаты өтті. Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөз кезегі және негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру рәсімі мектеп-гимназия директоры Бексултанова Мадина Болатқызына беріліп, негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсырды. Кезекті құттықтау сөз сынып жетекшілері - Күляйхан Абдықадырқызы, Айнур Ыдырысқызы, Орынбала Молдаханқызы берілді, өз сөздерінде білім алушыларды куәлік алуларымен құттықтап, оқуға түсуге тілек білдіріп отырған оқушыларға сәттіліп тілеп, ұстаздарға, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне алғысын айтып, жылы лебіздерін білдіріп, өз құттықтауларын көздеріне жас алып жеткізді. Алғашқы маңызды құжаттарына ие болған білім алушылар қуаныштарын білдіріп, ұстаздар мен ата-аналарға рақметтерін айтты. Салтанатты жиын көтеріңкі көңіл-күймен аяқталып, естелік суреттерге түсумен жалғасын тапты.