31 мамыр—саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасірет жылдар жаңғырығы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Іс-шарада қатысушылар қуғын-сүргін құрбандарын, алаштың ардақты азаматтарын 1 минут үнсіздікпен еске алып, тарихқа шолу жасалды. Мектеп-гимназия директоры Мадина Болатқызы бүгінгі күннің маңыздылығына тоқталып, атылса да, қамалса да, күдікпен емес, келешекке үмітпен қараған, халыққа деген адалдықтың рухы биік, адамдық үлгісін көрсеткен, өмірлері қыл үстінде тұрса да, ақиқатты айтқан, бейбітшілік заманда өмір сүруімізге өз үлестерін қосқан, қазақ ұлтының жоқ болып кетпеуіне ат салысқан қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының ерлігін айтып өтті. #біртұтас_тәрбие