31 мамыр қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қазақ халқы үшін айрықша маңызы бар, қанды
жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну- бүгінгі ұрпақ парызы екенін түсіндіріп, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында білім алушылармен "Тарих беттері..." тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті. #біртұтас_тәрбие