31
январь
2020
«Ашық есік күндері»
№1 ЖББМ 27-30 қаңтар күндері айтулы күнге айналды, себебі осы уақытта мектеп, ата-аналар үшін (бастауыш сыныптарда), өз есігін айқара ашып, "Ашық есік" күндерін өткізді. Ата-аналар мектепке келіп, «Мектеп өмірі» деп аталатын құнды кітаптың беттерін парақтады, Ата-ана сабаққа қатысып қана қоймай, үйірмелердің де тіршілігімен тыныстады. Мұғалімдер тарапынан өткізілген шеберлік сыныбында критериалды бағалау туралы мәлімет алып, сабақ туралы жалпы мол ақпарат жинақтады. Кітапхана қызметкерлері де шарадан қалыс қалмай,ата-аналар үшін тиімді болып табылатын құнды дүниелерді, сарқылмас қазына кітаптарды таныстырып өтті. Шара соңында қатысушы ата-аналардан сауалнама алынып, «Ашық есік күндері» іс-шарасының жұмысы бағаланды.