«Әлемді аялаған ана»
«Әлемді аялаған ана» Көктем және әйел-ана! Бірін бірі толықтырған қандай үйлесім десеңізші! Иә, әйелдер мерекесінде адам жанын ғажайып сезімге бөлейтін ерекше күй де осындай керемет екі ұғымның ұштасқандығынан туындаса керек. Ендеше, қар астынан бәйшешек бой көтергенде жер-дүниені бусандырған көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі басталатыны да бекер болмас. Күннің көзі нұрын төгіп, ақ қар-көк мұз еріп, тал-шыбықтар бүрленіп, дала біткен түрленіп жатқан шақтың құдіреті де сол