«Кітапты кім және қалай жасады?» кітапханалық сабақ туралы хабарлама » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Кітапты кім және қалай жасады?» кітапханалық сабақ туралы хабарлама
21
январь
2022

«Кітапты кім және қалай жасады?» кітапханалық сабақ туралы хабарлама

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының  білім бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ  

«Кітапты кім және қалай жасады?» кітапханалық сабақ туралы хабарлама

Өткізілген күні: 21 .01.2022 ж.

Өткізілген орны: кітапхана

Қатысқандар: 5 «А» сыныбы

Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру; кітап пен сазды әуен арқылы мейірімділікке, ізгілікке, тәрбиелеу; қоғамымыздың ертеңі болар ұрпақ тәрбиесінде ата – ана мен балалардың сенімді серігі кітап оқуға баулу.
          Мектеп кітапханашысы М.Кожайбаева оқушыларға  
«Кітапты кім және қалай жасады?» атты адал досымыз кітап туралы сабағымызды кітап тарихы туралы жазбалармен таныстырудан бастады. Бүгінгі кітаптардың түп атасы  алғашқы кітапты әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар, ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты. Біреулер ол кітаптарды өздерінің қолындағы оқулықтар сияқты болар деп ойлап қалуы мүмкін. Ол кезде мұндай кітаптар қайдан бола қойсын, алғашқы кітаптар балшықтан жасалыпты.  Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірілген. Ал Қытайда бамбуктан жұқа таяқшалар әзірленіп, соған жазған. Таяқшалар жіпке тізіп қойған. Келе - келе жазуға жібек маталарды пайдаланған. Кітап – арабтың «жазу» деген сөзі. Кітап – рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу - тәрбие құралы.
 Оқушы:
 Кітап – біздің досымыз
 Адамның досы – кітап, өмір кілті,
 Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
 Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
 Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
 Кітап туралы не білеміз?
         Адамзат қауымы өзінің ілгері дамуында бір белеске қол жеткіздім, білімді, мәдениетті болдым, айшылық алыс қиырларға бір сағатта жететін прогресті игердім десе, бәрі де кітап өнерінің дамуымен тікелей байланысты.
 «Кітап – білім бұлағы». Кітап – даналардың данасы. Оған жететін бірде – бір құндылық жоқ. Ендеше осы төңіректегі таңғаларлық қызық уақиғаларға құлақ түрелік.
          Кітапханашы С.Мауленкулова Сендер мынадай сөздерді жиі естисіңдер: «Кітапты мұқият оқы, зейін салып оқы, асықпай беттерін қалдырмай оқы». Ал сендер кез - келген беттен бастап оқитын кітаптарды көз алдына елестетіңдерші. Ол қандай кітаптар екен?
 - бұл сөздіктер мен энциклопедиялар. Адамның бұрын - соңды болып өткен оқиғалар мен даталарды, цифрларды бәрін бірдей есінде сақтау мүмкін емес.                     Сондықтан   да бір сұраққа жауап алу үшін сөздіктер мен энциклопедиялардың көмегіне сүйенуге тура келеді. Бұл кітаптарды мағлұмат беру жағынан әрі кедей, әрі бай деп айтуға болады, өйткені онда артық ештеңе жоқ, ал қажетті нәрселер көп - ақ. Олардың кейбіреулері өзен мен көл, тау мен теңіз, қала атауларын айтып берсе, енді біреулер өсімдік немесе машина туралы болып келеді.
         Сөздік - мағынасын ашыла түсінік берілген, басқа тілге аударылып, әліпбилік ретімен келтірілген сөздер жиынтығы. Сөздер сөздіктерде әліпби тәртібімен, ал энциклопедияларда жекелеген тақырыптап бойынша беріледі.
 - Ал сендер қандай сөздіктер білесіздер?
 (Слайд) Орфографиялық, орфоэпиялық, түсіндірме, диалектологиялық, антоним, синоним, омоним сөздіктері
 - Энциклопедия мен сөздіктер айырмашылығы қандай?
 - Сөздіктер сөздің мағынасын ашып берсе, энциклопедия заттарды, құбылыстарды суреттейді. Мысалы, жылқы туралы мәліметті энциклопедиядан аламыз, оның тұқымын, адам калай қолға үйреткенін, адамдарға қандай пайдасын тигізетінін. Бірақ та ат пен жылқының айырмашылығы қандай екенін энциклопедиялардан таба алмаймыз. Бұл жерде бізге сөздіктер көмекке келеді. (слайд)
 
        Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе - теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
 Мақал - мәтел жарысы.
 
 Кітап - алтын қазына.
 Кітап алтын сандық:
 іші толған қазына, құт,
 оқы, оқы, ойыңа тұт.
 Кітап - білім бұлағы,
 Білім - өнер шырағы.
 Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.
 Кітап көзі жұмыққа арзан,
 көзі ашыққа маржан.
 Кітап - қаймақ, білім - оймақ.
 Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.
 Қорытынды
 - Бүгін белсене қатысқандарыңызға рахмет айта отырып, әңгімемізді Қымбат Әбілдақызының «Кітап оқы!» атты өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр.
 Кітап оқы!
 Көбің, достар, білім емес,
 Оқисыңдар баға үшін.
 Айтайын бір ақыл - кеңес:
 Кітап керек сана үшін.
 Кітап, шіркін, бұлақ аққан,
 Шөл, мейіріңді қандыратын.
 Болашағың – бұла ақ таң,
 Жан отыңды жандыратын.
 Білім, өнер, өркениет –
 Бәрі - бәрі кітапта.
 
 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив