«Жүрегімнің түбіне терең бойла"
№1 жалпы білім беретін мектебінде қос ғасырдың тоғысар тұсында «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» екі жаққа үңілген ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айту мақсатында мектеп ұстаздары арасында «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты байқау өткізілді.
Жалпы байқауға 26 ұстаз қатысты. Байқаудың шарты бойынша қатысушылар «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде - ақынның әртүрлі тақырыптағы өлеңдерін мәнерлеп оқыса; «Қара сөздері» бөлімінде – 45 қара сөздерін жатқа айтып, көрініс көрсеткен болса; «Құлақтан кіріп бойды алар» бөлімінде – ақынның әндерін нақышына келтіріп орындады. Мектеп директоры А.Алтынбаева бастаған әділ-қазылар алқасы шешімін шығарғанша, көрермендер түгел ақынның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін тамылжытып орындалды. Әділ-қазылар алқасы көркем мәтінді талдау және оқу шеберлігіне, әнді орындау шеберлігіне, сахналық мәдениетіне қарай бағалап, нәтижесінде: Бас жүлде – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі –Н.Бекжанова, І орын ағылшын тілі пәні мұғалімі –Ж.Қабылбаева; ІІ орын- биология пәні мұғалімі- А.Отарбаева, ІІІ орын- бастауыш сынып мұғалімдері А.Жүндібаева, А.Абылова, дене шынықтыру пәні мұғалімі –Ғ.Шалданбаев иеленді. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылардың барлығы Алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақтың атын өшірмей, шырағын жаққан, өзгелерге танытқан ақын А.Құнанбаев қазаққа қара өлеңімен сіңірген еңбегі мол. Абай атамыз біз үшін әрқашан дара, әрі дана болып қала бермек!